1 қыркүйек – Білім күні дәстүрлі мереке.
Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжде «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриоттық сезім» тақырыбында тақырыптық сынып сағаттары өтті. Бұл патриоттық және идеологиялық мәні бар жаңа оқу жылындағы алғашқы тәрбиелік шара.
Колледж директоры Е.Б.Жанділдин барлық студенттер мен оқытушыларды оқу жылының басталуымен құттықтап, кәсіби өсу, оқуда табыс және алға қойған мақсаттарына жету жолында табандылық тілейді!
Колледж директоры өз елінің патриоты – білімді, білікті, бәсекеге қабілетті, қызметі туған елінің гүлденуіне бағытталған азамат екенін ерекше атап өтті.